30.10.2014
Жарысты қазылар алқасының төрағасы, беделді қоғам қайраткері Мырзатай Жодасбеков қорытындылады. Байқаудың бас жүлдесін Мемлекеттік күзет қызметі жеңіп алды, ал бірінші орынды Бас прокуратура, екінші орынды Қорғаныс министрлігі, ал үшінші орынды Жоғарғы Сот пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті иеленді.
Жарысқа Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті қызметкерлерінен құралған 8 топ қатысты. Әрбір ведомство өкілдері өздерінің мемлекетттік тілді жетік меңгергендіктерін көрсетіп, оны кәсіби қызмет барысында еркін қолдана білетін дағдыларын ортаға салды.Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал ерекше көзге түскен үздік қатысушылар Бас прокуратураның алғыс хаттарымен марапатталды.
Индира Қауметова