• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атырау облысында мемлекеттік тілді дамыту бойынша олимпиада өтті 23.10.2014

 «Атырау облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді дамыту мақсатында «Тіл –халық жанын танудың кілті» олимпиадасын өткізді. Облыстық турға 13 адам қатысты», - делінген баспасөз қызметінің берген хабарламасында.

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу өрісін ұлғайту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, тіл мәдениетін қалыптастыру, орыстілді жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын артыру.

«Гран при» иегері болып К.Дүбаев атындағы гуманитарлық колледждің студенті Туранова Нигора атанды. Ол республикалық олимпиадаға жолдама алды», - деп хабарлады әкімдік. 


Back to the list