19.10.2014
«Байқау ІІМ жүйесінде 2010 жылдан бастау алады, оның негізгі мақсаты ІІО қызметкерлерін Отанға деген патриоттық сезімге, тілге, өз елінің тарихына баулу болып табылады. Байқауда ІІО құрылымдарының, сондай-ақ ҚР ІІМ оқу орындарының және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 22 құрама командасы қатысты», - делінген хабарламада.
ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Нұрділдә Ораздың айтуына қарағанда, полиция қызметкерлерінің арасында өте көп дарынды тұлғалар бар, ал «Парасатты полицей» байқауы мемлекеттік тілді білу деңгейімен қоса байқауды ерекше қызықты етіп көрсетеді.
Байқау бағдарламасы бірнеше бөлімдерден тұрды. Оған қатысушылар байқаудың 4 сынағынан өтті және жинаған ұпайлардың нәтижесінде жүлдегерлер анықталды.
«Сонымен, «Гран-при» - Қостанай облысы ІІД «Тобыл тарландары» командасының, І-орын – Жамбыл облысы ІІД «Тараз қырандары» командасының, ІІ-орын – Солтүстік Қазақстан облысы ІІД «15-ші өңір» командасының, ІІІ-орын – Ақтөбе облысы ІІД «Серт береміз» командасының қанжығасында кетті», - делінген хабарламада.
Хабарланғандай, Қостанай облысы ІІД бастығы Тлеген Маткенов ауыспалы кубокты Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-ге табыс етті, себебі келесі жылы аталған облыстың базасында «Парасатты полицей» байқауы өтетін болады.