• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Қазақша сөйлейік» байқауының жеңімпаздары анықталды 16.10.2014

Айтып өту керек, ҚР Президентінің жарлығымен жарияланған  «Тілдер күні» мерекесі шеңберінде және «ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдары мен қызметкерлерінің арасында одан әрі кеңейту мақсатында Компания жыл сайын «Қазақша сөйлейік!» байқауын  ұйымдастырып отырады.

Биылғы байқаудың ерекшелігі сол – байқау 4 кезеңнен тұрды және 18-тамыз бен 15-қазан аралығында өтті.

Ток-шоу барысында іс-шараға қатысушылар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын  кеңейтуге  қатысты  өз ойларын ортаға салып, пікір таластырды. Сондай-ақ, финалистер арасында  «Сұрақ-жауап», «Мақал-мәтелдер», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді  құрметте» тақырыптарында кішігірім сайыстар өткізілді.  

Мемлекеттік тілді білудің маңыздылығын, оның қоғамда алатын рөлін жан-жақты ашып көрсете білгені үшін бас жүлде Қызылорда локомотив пайдалану депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып қызмет ететін Шиповских Геннадийге берілді. 

 Мемлекеттік тілдің қолдану  аясын  теміржол саласында кеңейту жолдары туралы өзінің әдіс-тәсілін ұсынғаны үшін бірінші орынды  «Кедентранссервис»  акционерлік қоғамының менеджері Нұрлыбек Самеков иеленді. Екінші орын  интернационалды отбасында қазақ тілінде  қалай сөйлесетіндігі туралы нақты мысалдар келтіре білгені үшін Ақадыр машиналандырылған жол  дистанциясында хопер- дозатор вагоны машинисінің көмекшісі Веснин Максим  иеленген болса, 3-орын Қазақ тілін оқытып-үйретуде  өзіне ұнаған әдістерін ұсынғаны үшін «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қызметкері Әбішева Раушан иеленді.

 Жеңімпаздарға теледидар, ноутбук, планшет сыйға тартылды. Ал, қалған финалистер «Қазақша сөйлейік!» конкурсына белсенді  қатысқаны үшін ынталандыру  сыйлықтарымен марапатталды.


Back to the list