15.10.2014
«Бұл жобаның басталғанына 2 жылдан астам уақыт өтті. Жасалатын жұмыс көлемі ауқымды. Әу бастан осы жобаға жанашыр болатын, қазақ және ағылшын тілін білетін қауымдастық құруға тырыстық. Жалпы, «WikiBilim» қоры интернеттегі қазақ тілді контентті дамытумен айналысатынын жиі айтып жүрміз. Осы ретте әлемде кең қолданылатын Google-аудармашы жүйесінде қазақ тілінің пайда болуы біз үшін өте маңызды. Бір жағынан, тілді меңгеріп жатқан ортаға көмекші құрал, екінші жағынан түрлі мәтіндер жазатын мамандарға, ғылымға көмек болады деп сенеміз», - дейді Рауан Кенжеханұлы.
Оның айтуынша, Google Translate қызметіне қазақ тілін қосу - «WikiBilim» қоғамдық қорының қазақтілді интернетті дамытуға бағытталған жобаларының бірі.
«Бүгінде күн сайын әлемде Google-аудармашы қызметін 200 млн адам пайдаланады. Ол тек сөздерді ғана емес, сондай-ақ, сөз тіркестерін, шағын мәтіндерді және толық веб-беттерді аударуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Индира Қауметова