• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Семинарда мемлекеттік тілде дайындалатын сот құжаттарының сапасын арттыру талқыланды 23.09.2014

Облыстық сотта хабарлағандай, семинар жұмысына аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, кеңсе меңгерушілері мен мамандары қатысты.

«Алқалы жиынды ашқан облыстық соттың судьясы Тотай Ерімбетов ішкі құжат айналымда қазақ тілін қолдану аясын кеңейту бағытындағы  жұмыстар соттар тарапынан жанданғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол процессуалдық құжаттарды әзірлеу барысында кездесетін жекелеген сөздер мен  қиын орамдарды қолданудағы жеке тәжірибесімен бөлісті», - делінген хабарламада.

Семинар барысында аудандық және қалалық соттар арасында өткен ең үздік қазақ тілі кабинеті байқауының қорытындысы шығарылды.  Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты байқаудың жеңімпазы болып танылды. 


Back to the list