23.09.2014
Алматы әкімі Ахметжан Есімов өз сөзінде мектеп жасына дейінгі мекемелер үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кешенді оқытуға мән берулері тиіс екендігін айтты.
«Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш тілді меңгеруді алдымызға міндет етіп қойды, біз оны орындауға бар күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Алматыда қазақ тілінде дәріс беретін бала бақшалар мен мектептер саны артуда. Тіл саясаты шиеленіс емес, келісім құралы болуы тиіс», - деді Ахметжан Есімов.
Қала әкімі осыдан 25 жыл бұрын елімізде Тіл туралы алғашқы заңның қабылданғанын айтты. Статистикалық мәлімет көрсеткеніндей, бүгінгі күні алматылықтардың 60%-дан астамы түрлі ұлт өкілдері болғанымен, олар мемлекеттік тілді толық меңгерген. Алматыда қазақ тіліндегі оқу құралдарына, көркем әдебитеке деген сұраныс жоғары.
Қазіргі кезде қалада 201 мемлекеттік мектеп жұмыс істеуде, олардың 62 қазақ тілінде, 68 аралас тілде білім береді. 70%-дан астам мектеп жасына дейінгі алматылық бүлдіршіндер қазақ тілінде дәріс беретін бала бақшаларға баруда.