19.09.2014
Қазақстан Республикасының халқы тілдері күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген девизбен іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара тіл саясатын насихаттауға, ұлт бірлігін нығайтуға, туған тілдің абырой-беделін асқақтатуға, тіл мәдениетін, қазақ елінің тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттауға бағытталған.
Аталмыш мемлекеттік органда 10-нан астам ұлт өкілі қызмет етеді, іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілетінін атап өткіміз келеді.
«Мереке күні министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде «Тіл - ұлт байлығы», «Бір шаңырақтың астында», «Тіл атадан қалған асыл мұра», «Мемлекеттік тіл - менің тілім» және т.б. тақырыптарда қазақ тіліне арналған тіл бұрыштары ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.
Айтулы мереке Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің аумақтық департаменттерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында да атап өтілді.