• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан қалаларында жастарға арналған қазақ тілін насихаттау шаралары өтеді 16.09.2014

«Шара Конституция күні қарсаңында басталған еді. Кейін эстафета Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Петропавл мен Павлодар қалаларында жалғасын тапты. Акцияның екінші кезеңі қыркүйек айында Алматы, Қызылорда, Семей, Талдықорған, Тараз бен Шымкент қалаларында өтті. Ал үшінші кезең қазан айында Ақтау, Ақтөбе, Атырау мен Оралда жалғаспақ», - деп хабарлайды Студенттік өзін өзі басқару және даму кеңесі.

Шараның форматы біркелкі. Қаланың ірі деген сауда үйлерінде еріктілер қазақ тілін маңызын түсіндіретін қазақ және орыс тілдеріндегі брошюралар таратады. Жұртпен сөйлесе отырып жастар өздерінің пікірлерін де ортаға салып, қоғамық орындарда ең көп қолданылатын сөз тіркестерін қолдана отырып көпшілікпен әңгіме-дүкен құрады.

«Мен ауылда өскеніммен, ерте жастан қалаға көшіп кеткендіктен қазақ тілін жетік білмеймін, бірақ толық түсінемін. Шамам келгенше жекелеген сөздерді ғана айта аламын. Сөздіктеріңізге рахмет, осыны қолдана отырып енді мемлекеттік тілді меңгеріп шығамын», -дейді қарағандылық Оксана Махевич.

«Мәңгілік ел» республикалық бастамасы таяуда ғана Астанада өткен республикалық конференцияның заңды жалғасына айналып отыр. Онда жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау мәселесі көтерілген еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара қазақ тілінің мерейін көтере түспек.


Back to the list