15.09.2014
«Даму» қорында хабарлағандай, байқауға акционерлік қоғамның еншілес компанияларында жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдері қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау, өзге ұлт өкілдерінің қарым-қатынасын нығайту, қазақ тілін еркін меңгеруге жағдай жасау, қызметкерлердің мәдениеті мен тұлғасын қалыптастыру.
Қатысушылар қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасау, мақал-мәтел, жаңылтпаш айту, өзін таныстыру бойынша сынға түсті. Байқаудың негізгі бөлімі шығармашылық нөмір мен викторинаның қойылуы болды. Әділқазылар құрамында БАҚ өкілдері, ЖОО профессорлары, мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері болды.
«Байқаудың қорытындысы бойынша «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ қызметкері Светлана Назарюк 1-ші орынды, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ өкілі Зальмира Кемалова 2-ші орынды, «Тұрғын үй құрылыс жинақтау банкі» АҚ қызметкері Галина Калябина 3-ші орынды иеленді», - делінген хабарламада.
Қатысушылар мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.