05.09.2014
«Қазақстанда мемлекеттік тілді оқытатын 120 орталық пен 20 шақты жеке меншік орталықтар жұмыс істейді. Өткен жылдан бері біз қазақ тілін меңгергісі келетін қала тұрғындарын санын айтарлықтай арттырдық», - дейді Е.Тілешов.
2012 жылы орталықтарға 42 адам келетін болса, өткен жылы мемлекеттік тілді меңгеруге мүдделілер саны 500 адамнан асқан.
Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасы қазақ тілін үйретуге бөлінетін бюджет көлемі мен сағат санын арттырмақшы. «Басты мәселі, курстарға кісілердің жүйелі түрде келмеуі. Көбі басында жазылғанымен кейінен келмей кетеді. Барлық жағдай жасалған, әдістемелік материал да жоқ емес, орталық жұмыс істеп тұр», - дейді.
Айта кету керек, биылғы жылдың 5-19 қыркүйегі аралығында Астанада Қазақстан халқы тілдері фестивалі өтеді. Оның аясында Астанада 11 шара ұйымдастыру көзделген. Шаралардың бастауы ұлы қайраткер Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орайластырылған.
Камила Амирова