29.08.2014
Республикалық акция өз бастауын Астанадан алды. Жастардың бастамасын қазақстандықтар жылы қабылдады. Көптің пікірінше акцияның тигізер пайдасы зор және жаңа білім ешқашан артық етпейді.
«Жастардың осындай маңызды проблеманы шешуге атсалысып жатқаны қуантарлық жағдай. Мен орыс, украин, ағылшын тілін жетік меңгергенмн, бүгінде қазақ тілін үйренудемін. Көптеген сөздерді білемін. Оларды күнделікті автобустарда тыңдаймыз, жазбалардан оқимыз дегендей. Менің ойымша мұндай акциялар жиі өткізілуі керек», - деп атап өтті Көкшетау тұрғыны Алена Степаненко.
Ұйымдастырушылар хабарлағандай, «Мәңгілік ел» акциясы Астанада өткен мемлекеттік тілге қолдау көрсетуге арналған республикалық конференцияның жалғасы болды. Жалпы, шара мемлекеттік тілдің танымалдылығын арттыруға септігін тигізетін болады, деп есептейді Студенттердің өзін-өзі басқару және дамыту одағында.
Игі шараның екінші кезеңі ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шымкент, Алматы, Тараз, Қызылорда, Талдықорған және Семей қалаларында өтеді.