• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда мемлекеттік тілді қолдауға бағытталған акция өтеді 21.08.2014

Алты апта бойы еліміздің алты аймағында мемлекеттік тілді насихаттауға арналған түрлі шаралар өткізіледі.

Игі шараға кез келген адам қатыса алады. Олар Астана (22 тамыз, «Керуен»СОСО), Павлодар (23 тамыз,  «Айнұр-Қазақстан» СҮ), Көкшетау (25 тамыз, «РИО» СОСО), Қарағанды (26 тамыз, «Абзал» СҮ), Қостанай (27 тамыз, «Март» СО) мен Петропавл (28 тамыз, «Рахмет» СҮ) қалаларының ірі сауда орталықтарында өтеді.

«Жобаны мемлекеттік тапсырыс аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі бойынша комитеті жүзеге асыруда. Жақында ғана біз Астанада республикалық деңгейдегі конференцияны өткіздік, ол мемлекеттік тілді жастар арасында насихаттау мәселесіне арналған болатын. «Мәңгілік ел» игі шарасы осы мақсатта септігін тигізетін болады деп ойлаймыз», - деп атап өтті «Суденттердің өзін-өзі басару және даму одағы» КҚ жоба үйлестірушісі Айгүл Смағұлова.


Back to the list