• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Доңғалақты сөздік» мемлекеттік тілді үйренуге көмектеседі 13.08.2014

Аталмыш әлеуметтік жоба «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-ның бастамасы бойынша «Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ-нің ақпараттық қолдауымен жүзеге асуда.

"Қазақ тілін үйрену соншалықты қиын емес, сондықтан оны кеңінен таратқымыз келеді. Сондай-ақ қарапайым әрі қажетті сөйлемдерді таңдап, жобаны пафос пен нақыл сөздерсіз-ақ жүзеге асыруды көздедік. «Туған күніңмен!», «Рақмет» немесе «Тамаша!» сияқты қарапайым сөздер мен сөйлемдерді кез келген жерде қолдануға болады", - дейді «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-ның вице-президенті Майра Сартаева.

Әр трамвай күніне 1000-ға жуық адам тасымалдап, трамвай паркінің жылдық жолаушылар тасымалы 20 миллион адамнан асып түсетінін ескерсек, үш вагондағы сөздер жатталып, жолаушылардың күнделікті қарым-қатынасында қолданысқа ие болмақ.

 

 


Back to the list