• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысы халқының 60%-ы жыл соңына дейін мемлекеттік тілді меңгеретін болады - әкімдік 05.08.2014

Аймақта  514 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істесе, оның - 163 балабақша,  351 шағын орталықтыр.  Тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің жалпы саны  - 29655, олардың  17110 қазақ тобында (58%).

Бүгінде өңірде 622 орта мектеп жұмыс істесе, онда барлығы - 103463 оқушы білім алуда, ал олардың 46216 қазақ тілді сыныпта оқиды (45%).

Оның үстіне, облыста 19 тіл үйрету орталықтары бар, олардың 16 аудандық, 2 қалалық және  1 облыстық орталықтар.

«Әлеуметтік зерттеудің нәтижесіне сәйкес, аймақтағы мемлекеттік тілді білетін ересек азаматтардың үлесі 2013 жылы - 53,1% құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың соңына дейін 60%-ға жетуі керек», - деп атап өтті әкімдікте.


Back to the list