• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда «Галактика сақшылары» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі 30.07.2014

Жоба ұйымдастырушылары: «Болашақ» Қауымдастығы, «MARWIN» компаниясы. Бас демеуші - ««Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ. 

Бұл жоба «Жастар - Отанға!» жобасының шеңберінде «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп іске асырылуда. Жобаны қолға алудағы мақсат - мемлекеттік тілді дамыту және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

Алғашқы көрсетілімге балалар үйі тәрбиеленушілерінің, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің, республикалық жастар ұйымдарының, «Болашақ» Қауымдастығы мүшелерінің, жоба серіктестері мен ұйымдастырушылардың қатысуы жоспарланған.

 «Галактика сақшылары/Стражи Галактики» - «Көліктер-2», «Қара киімділер-3», «Батыл жүрек», «Жаңа Өрмекші адам» «Монстрлар Университеті», «Жалғыз рейнджер», «Жаңа Өрмекші адам: Кернеген қуат», «Малефисента» фильмдерінен кейін отандық кинотеатрларда мемлекеттік тілде көрсетілетін тоғызыншы фильм.  


Back to the list