22.07.2014
Соңғы 3 жылда барлығы 10 мың адам 11 лингвистикалық орталықта тіл курстарынан өтті. Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Айдын Шаймарданов атап өткендей, егер өткен жылы лингвистикалық орталықтарға 2964 тыңдаушы тартылса, ағымдағы жылы олардың саны 4756 адамға жетті. Олардың 4 мыңға жуығы мемлекеттік тілді үйренсе, мыңға жуығы ағылшын тілін меңгерген.
«Сонымен қатар мемлекеттік тілді пайдалану кеңістігін кеңейту және ұлттық бірлігімізді символын насихаттау мақсатында биыл 40 арнайы шара өткізу жоспарланған, бүгінде оларды 28 өткізіліп қойды», - деді Айдын Шаймарданов.
«Оның үстіне қалалар мен аудандарда 43 тіл үйрену үйірмелері жұмыс істейді. Олардың 669 тыңдаушыларының 429 мемлекеттік тілді үйренуде», - делінген хабарламада.