10.07.2014
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, қатысушылар төрт номинация бойынша өзара сайысқа түскен. Олар өздері туралы әңгімелеп, тарихи шығармаларда және қазақ ақындарының өлеңдерінен үзінділерді жатқа оқыған. Тіпті, театрландырылған қойылымға қатысып, сахнада импровизация жасаған.
«Мұндай байқау бізде жыл сайын өткізіледі. Оның басты мақсаты әскери бөлімдердегі мамандардың тіл білімін нығайту, өзге ұлт өкілдерінің арасында оны насихаттау», - деді полковник Берік Омаров.