• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ж.Асанов: Мемлекеттік тіл – мемлекет саясатының басым бағыты (ФОТО) 30.05.2014

Осы себепті байқауды ұйымдастырудың басты мақсаты мемлекеттің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, прокуротура органдарында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мен насихаттау болып табылады.

Бәйгеге 19 команда қатысты. Олар Бас прокуратураның Құқықтық статистика мен арнайы есеп комитеті, Астана, Алматы қалалары прокуратуралары, Бас әскери прокуратура, Бас транспорттық және облыстық прокуратура.  

Әр топ мемлекеттік тілді білу деңгейлерін  көрсетіп, оны кәсіби қызметте пайдалану қабілеттерін таныстырды. Байқауға қатысушылар өмірлік және қызметтік жағдайларда ауызекі сөйлеу мүмкіндіктері мен қызметтік құжаттарды аудару сапасы бойынша бағаланды. Сонымен қатар, алқа мүшелері сот өндірісіндегі мемлекеттік айыптаушылардың шешендік өнері мен сөйлеу сапасын тексерді.

«Мемлекеттік тілдің қолданылуы құқықтық шешімдерде айтарлықтай маңызға ие. Қазақстанда сот өндірісіне қатысты түрлі заңдар мен шешімдер қабылдануда. Әрбір азамат күнделікті өмірде заңдық сауаттылықпен бетпе бет келіп жатады. Сол себепті біз құқықтық терминдердің мемлекеттік тілге аударылуы мен таратылуына маңыз бөлудеміз», - дейді Бас прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшісі Хабылсаят Әбішев.

Динара Сүгірбаева 

Фото - Азамат Алиев 


Back to the list