15.05.2014
Кеңес жұмысының нәтижелері бойынша Дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып, пленарлық және секциялық мәжілістерлдегі пікір алысулар мен талқылаулар негізінде республикалық семинарға қатысушылардың Ұсыныстары қабылданады.
Республикалық, облыстық мұғалімдер конкурсының бірнеше дүркін жеңімпазы Б.Т. Әділовтің шеберлік дәрісі, ЕҚЫҰ сарапшысы А.П. Стоянованың орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілді мектеп мұғалімдері үшін мемлекеттік тілді оқытудың шетелдік тәжірибелері бойынша тренингі, Шымкент қалалық Ю.Сареми атындағы өзбек тілінде оқытатын мектеп-гимназия директоры Б.У.Нұралиевтің мектеп ұжымының көптілді білім беруде қол жеткізген нәтижелері жөніндегі тәжірибелік тұсаукесері өтеді.
Айта кетейік, Кеңестің Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының базасында өтетін пленарлық мәжіліске Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы , Жамбыл облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының бас редакторы, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің доценті қатысты.
Сондай-ақ, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінің деканы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, қазақ тілі оқулығының авторы,Астана қалалық Білім басқармасының әдіскері, Қарағанды қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері, көптілді және билингвалдық білім берудің өзекті мәселелері жөніндегі баяндамалары тыңдалып талқыланады.