• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-да «Тіл -  халықтың жан-дүниесін тану кілті» байқауына үздік қатысушылар таңдалуда 15.05.2014

Байқаудың шешуші кезеңінде өнер көрсету үшін 13 шығысқазақстандық бақ сынады. Олардың барлығы аймақтық және қалалық деңгейде өткен сайыстардың үздіктері, деп ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлады.

«Қазақ тілін бірінші сыныптан бастап үйрене бастадым. Маған өте ұнайды. Әдеби шығармаларды оқығанды ұнатамын. Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығы жаныма жақын», - деп республикалық байқаудың облыстық кезеңінде бақ сынаған Владислав Заречнев ағынан жарылды.

Айта кетерлік жайт, әділ-қазылар алқасы қорытынды шығарар алдында байқауға қатысушының сауаттылығын, сөз саптау мәдениетіне, шешендік өнеріне және аудиторияда өзін-өзі ұстау мәнеріне көбірек көңіл бөлді.


Back to the list