22.04.2014
Естеріңізге сала кетейік, бұл Мемлекеттік тілді дамыту қоры тарапынан құрылған алғашқы тегін жоба болып табылады.
Онлайн дәрістің идеясы мен тұжырымдамасының авторы Мемлекттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев.
Жобаны филология ғылымдарының докторы, профессор Айман Алдаш бастаған шығармашылық топ (ғалым-тілтанушылар, әдіскерлер, тәжірибелік ұстаздар).
Қазақ тілін оқыту курсы 6 деңгейге жіктелген. Әрбір деңгей 10 дәрістен тұрады.
Айта кетерлік жайт, оқу курсын жасақтау барысында қазақ тілін үйрену бойынша заманауи тәсілдер пайдаланылды. Сонымен, дәстүрлі әдістемемен заманауи тәсілдердің үндесуі қазақ тілін жылдам әрі жеңіл үйренуге мүмкіндік береді. Оның үстіне сабақтар 24 сағат бойы аптаның кез-келген күнінде қолжетімді.
Бұдан басқа, қазақ тілінің граматикалық түрлерін үйрету диалог түрінде жүргізіледі. Онда өмірдегі күнделікті жағдайлар көрсетіледі. Грамитикалық материалдарды беруде етістіктердің түрлеріне басымдық берілген. Бірінші сабақтардан бастап етістікті сөз тіркесіне, сөйлемдерге және дайын құрылымдарға көңіл бөлінеді.