16.04.2014
ҚР Мәдениет министрлігінен хабарлағандай, таныстырылу барысында «Абайтану әліппесі», «Даналық әліппесі», «Электронды қазақ үй» ұсынылды. Олар 2011-2020 жылдарға арналған мелекеттік тілдерді жұмыс істету және дамыту бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы шығарылды.
«Абайтану әліппесі» оқу-әдістемелік кешені «Жақсы бала», «Жақсы ұстаз», «Жақсы ата-ана», «Жақсы құрбы-құрдас» атты 4 кітаптан тұрады. Аталмыш оқу құралдардың барлығы инновациялық технология негізделіп жасалған сөлейтін қаламсап арқылы дыбысталады.
«Даналық әліппесі» оқыту-тәрбиелік кешені қобыз үнінен, домбыра күйінен, халық әні мен халық ауыз әдебиеті жауһарлары мен аңыз-әңгімелерден құралған 12 кітаптан тұрады. Осынау бабалар мұрасы жас жеткіншектердің тәрбиесінде айтарлықтай мәнге ие.
«Электронды қазақ үй» - балалар тәрбиесі үшін дайындалған заманауи оқу құралы. Аталмыш өнім қазақ халық ертегілері, дәстүрлі ән мен күймен, терме мен толғаудан және Абайдың қара сөздерінен тұрады.
Шараның басты мақсаты – тілдік мәдениетті арттыру, қазақ тілінің лексикалық қорын жүйеленіру мен «Үш тұғырлы тіл» ұлттық мәдени жоспарын іске асыру мақсатында министрлік тарапынан шығарылып жатқан инновациялық өнімді халық арасында кеңінен насихаттау мен ел ішіне ұлттық құндылықтарды дәріптеу.