• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын біріктіретін сандық платформаны құру бойынша жұмыстар жалғасуда 21.11.2017

ҰЭМ хабарлағандай,  меморандумда уағдаластыққа назар аударылған, яғни тараптар «Сандық Қазақстан» бағдарламасының аясында «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын біріктіретін Бірыңғай сандық платформа құру бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізетін болады.

Тараптар сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік үшін «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру және автоматтандыру үшін оның кейіннен Бірыңғай сандық платформаға интеграциялануы мақсатымен өзара әрекеттесетін және қажетті ақпараттармен алмасатын болады.

Бұрынырақ, ағымдағы жылғы қазанда осыған ұқсас үшжақты меморандум ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасында жасалған болатын. 


Back to the list