16.11.2017
Н.Мырзақұловтың айтуынша, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына сәйкес сандық технологияларды пайдалана отырып құрылған коммуникацияларды, жаңа салаларды дамытуды қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
Біздің өңірде мүгедектер саны 40 мыңнан асады, мемлекет тарапынан арнайы құралдармен, санаторлық-курорттық емдеуді және т.б. тегін қолдау сияқты көптеген қолдау шараларын ұсынуға кепілдік береді.
Осыған қарамастан, мүгедектер тиісті ақпараттармен қамтылмағандықтан,әлі де болса олардың көмекші құралдар және емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылмауы жалғасуда.
«Осындай жағдайларды ескере отырып, облыстық прокуратура мен облыс әкімдігі бірлесе отырып, мүгедектерге көрсетілетін қызметтердің барлық спектрі туралы ақпаратты қамтитын «Инва-Көмек» интернет-сайтын мобильдік қосымшасы әзірленді,- деп айтты аға прокурор.
А.Алтаевтың сөзіне сүйенсек, сонымен қатар, біздің облысымыз аграрлық аймақ болғандықтан және бұл салада мемлекеттік қолдаудың көлемі жыл сайын арттыруына байланысты бізбен арнайы интернет-ресурс және «Жамбыл-агро» (zhambyl-agro.kz) мобильді қосымшасы әзірленді.
Бұл құралдар арқылы ауыл шаруашылығы саласына қатысты ақпараттарды, субсидия төлеу және оны алу тәртібтері және басқада көкей-кесті сұрақтарға онлайн режимінде жауаптар алуға болады.