08.11.2017
Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев цифрландыру мәселесіне жетекшілік етеді, шара аясында интернет компанияларының жетекшілерімен, ИТ мен экономиканы, ғылымды цифрландыру саласындағы мамандар мен WebSummit 2017 ұйымдастырушыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
«Бүгін ірі конференциялардың бірі WebSummit шарасына еліміз қатысып, ел экономикасынның трансформациясын цифрландыру жоспарларымен бөлісті. Біз «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қамтитын салалар мен технологиялар бойынша жоспарлар туралы айтып бердік.Біз танысудың ерекше әдісін ұсындық. Ұсыныс экономиканың барлық саласы бойынша қабылданды: өндіріс саласынан әлеуметтік салаға дейін, демек Blockchain до Artificial Intelligence дейін», - деді Асқар Жұмағалиев.
Айта кетейік, Web Summit 2017 бағдарламасына биыл 21 конференция еніп отыр. Олардың арасында MoneyConf, Future People (жақын болашақ технологиялары), AutoTech , Modum, PandaConf, MusicNotes, TalkRobot секциялары көптің назарын тартып отыр.