07.11.2017
«Ақпарат және коммуникация министрлігімен бірлесіп мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға «электронды үкімет» порталы арқылы қызмет алушының рұқсаты бойынша анықтама беру қызметін жүзеге асыру жоспарлануда. Аталмыш шара ХҚКО қызметкерлерінің қызмет көрсетуге қатысуын жояды. Тұрғындар SMS арқылы ақпарат алу бойынша дербес шешім қабылдай алады», - деді А.Оспанов.
Ол айтып өткендей, мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға, екінші дәрежелі банктерге «электронды үкімет» порталы арқылы қызмет алушының рұқсаты бойынша анықтама беру электронды анықтама беруді 21,5 млн-ға қысқартады.
«Қазіргі таңда жәрдемақы тағайындау кезінде банк есебінің нөмірін көрсетуді сұрайды. Интеграция нәтижесінде аталмыш анықтаманы қызмет алушыларға алу маңыздылығы жойылады. Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік корпорация меморгандармен бірлесіп қызмет көрсетуді белсенділетуге көші бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Болашақта аталмыш қызметтер автоматты түрге ауысады», - деді төраға.
Қайрат Жандыбаев