31.10.2017
Жалпы, Әсет Асаубаевтың хабарлауынша, 2020 жылға дейін интеллектуалды көлік жүйесі құруды толығымен аяқтау көзделген.
«Көлік және логистика салаларын цифрландыру аясында интеллектуалды көлік жүйесі (ИКЖ) құрылады. Жүйенің компоненттерінің бірі — негізгі автомобиль көлік дәліздерінде орнатылатын арнайы автоматтандырылған өлшем құралдары (ААӨҚ), олар қозғалыстағы көлік құралдарын байланыссыз өлшеуді, қарқындылық мониторингі мен есептеуді қамтамасыз етеді, негізсіз тоқтатуды жояды. Ағымдағы жылы 10 ААӨҚ, ал 2020 жылға қарай – 46 жуық ААӨҚ іске қосу жоспарланған», - деді Ә. Асаубаев.
Көлік комитетінің хабарлауынша, автомобиль жолдары құрылысы саласындағы тағы бір әзірлеме — бұл жол активтерін басқару жүйесі. Аталған жүйені енгізу жолдардың жағдайы туралы толық мәліметтер негізінде жолдарды қамтамасыз ету және жөндеу бойынша жұмыстарды атқаруға бөлінетін шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Ақбота Күзекбай