• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Электрондық тұғырнамалар медициналық көмекті сапалы көрсетуге көмектеседі (ВИДЕО) 20.10.2017

«Бірнеше жоба іске асырылуда, солардың бірі – интероперабелдік тұғырнамасын енгізу, ол 22 ақпараттық жүйені бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіруге мүмкіндік береді. Екіншіден, азаматтар жекеменшік және мемлекеттік медициналық ұйымдарға жүгінген кезде көп қағаз немесе зертханалық зерттеулерді тасымай, штрих-кодты сканерлеу арқылы алынған медициналық қызметтер бойынша барлық деректерді ала алуы үшін ЖСН негізінде электрондық денсаулық паспортын қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының директоры.

Олжас Әбішев түсіндіріп өткендей, келесі міндет дәрігердің жеке кабинетін қалыптастыру.

«Бұл емханада дәрігер өзі қызмет көрсететін барлық пациенттерінің жай-күйін мониторингілеп отыру үшін қажет. Келесі, жеке медициналық ақпараттық жүйелер үшін интеграциялар қалыптастыру және әзірлеу. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында олар 50-ден астам, Қазақстанда 30 IT-компания медициналық ақпараттық жүйелер әзірлейді», - деді спикер.

Сондай-ақ IBM, Microsoft, UNICEF сияқты компаниялармен және ұйымдармен ірі бірлескен жобалар да іске асырылады.

«IBM және Microsoft-пен бірлесіп, біз  IT-компаниялар тарапынан қаржыландыру негізінде денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жобаларды енгізіп жатырмыз. Біздің дәрігерлеріміз бен пациенттеріміз медициналық көрсетілетін қызметтерді алу аясында тиімді өзара іс-қимыл жасай алуы үшін оларға қажетті құралдар мен мүмкіндіктерді барынша ұсынуды көздейміз», - деп қорытындылады Олжас Әбішев.

ЮНИСЕФ ұйымымен пациенттердің деректерін жинау мен талдау бойынша медицина қызметкерлерінің еңбегін оңайлатуға арналған мобильді қосымша әзірлеуді жоспарлауда.

 

Ақбота Күзекбай

Видео Азамат Әлиев


Back to the list