19.10.2017
Бұл ретте тек ағымдағы жылдың 9 айында www.egov.kz порталы арқылы қазақстандықтар 12,5 млрд.-тан астам теңгеге операциялар жасаған. Өткен жылдың статистикасы бойынша төлемдер мен аударымдар 14,2 млрд. теңгеден
Биылғы жылдың 9 айында онлайн түрде жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар жиірек төленетін болып шықты, олардың үлесіне төлемдердің 84 %-ы немесе 10,5 млрд. теңгеден астам сома тиесілі. Келесі салықтар мен баж салығы, алымдар барлық төлемдердің 11%-ын (1,3 млрд. теңгеден астам) құрады.
Сондай-ақ азаматтар электрондық порталды Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есеп-шоттарын толықтыру үшін белсенді түрде пайдаланады – ол барлық төлемдердің 4%-ы (555 млн. теңгеден астам). Ал коммуналдық төлемдерге, БКБ қарыздарын өтеу мен ұялы телефон байланысына төлемдер 0,3 %-ды (35 млн. теңгеге жуық) құрайды.
Бұған қосымша, бюджетке төленетін төлемдерді растауға қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды алып тастау мақсатында электрондық үкіметтің төлем шлюзі екінші деңгейдегі банктермен интеграциялан болатын. Қазіргі уақытта eGov төлем шлюзінің сервистеріне екінші деңгейдегі 32 банк және «Қазпошта» АҚ қосылған.
Естеріңізге салсақ, 2010 жылы eGov порталында онлайн түрде төлем жасау мүмкіндігі бар алғаш рет транзакциялық қызмет көрсетулер пайда болған еді. Осылай, ең бірінші кезекте салықтар, мемлекеттік алымдар, баж салықтары мен жолда жүру ережесін бұзғаны үшін үшін төленетін айыппұлдарды төлеу қызметтері, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерін төлеу қолжетімді болған. Бүгінгі күні eGov көмегімен 46 қызметті төлеуге болады.