09.10.2017
«Astana Media Week» журналистердіңғана басын қосып отырған жоқ, сонымен қатар ол қызықты тақырыптарды талқылап, қарастыруға болатын жетекшілерді және белгілі медиа тұлғаларды біріктірді. Мен қатысқан панельді сессиялар YouTube контентіне байланысты, сонымен қатар тренингтерде «31 канал» директорлары болды. Мен үшін осы салада көптеген жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан журналист үшін пайдалы болды», - деді Л. Күнекова.
«Astana Media Week» форумында интернетке қатысты арнайы сессия болды.
«Бүгінде түрленуге ұмтылу керек, телеарналар мен интернет арасында байланыс болғаны жөн. Интернет кеңістікке ауысу керек, өзіндік жаңа трендтерді жасақтау керек, онлайн көрсетілімдер өте қызықты», - деп атап өтті ол.
Бұдан басқа, Л. Күнекова аталмыш шараға келген жас журналистер туралы айтып берді.
Оқытуға журналистика факультетінің студенттері қатысты, олар барлығына таңғалып қарап жүрді.
«Менің оймыша мұндай шаралар олар үшін өте пайдалы. Олар мұнда продюссерлермен бетпе-бет кездесіп, таныса алады. Өздерін көрсетіп қана қоймай, өздері туралы мәлімет тастап кете алады. Бұл шара болашақ журналистер үшін улкен мүмкіндік», - деп түйіндеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада қазанның 4-6 аралығында «Astana Media Week» медиа апталығы өтті. Бұл қазақстандық журналистиканың ғана емес, сонымен қатар жақын шет елдердің де шеберлерін жинаған бірегей алаң болды.
Ақбота Күзекбай
Видео: Азамат Әлиев