• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Дау-жанжалдарды реттеуде  кәсіби медиацияны дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде 06.10.2017

«Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның  XXV сессиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін аша отырып, «медиаторлар желісін дамыту және қоғамда халықтың құқықтық мәдениетін арттыру қажет»  деп атап көрсетті.Ассамблеяны 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында  елде медиация институтын дамыту ҚХА жұмысының жаңа бағыттары ретінде белгіленген», - деді Д.Мыңбай.

Медиация адам құқықтарына, бостандықтарына және оның өзіне құрметті арттыруға, өркениетті азаматтық және тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға,әлеуметтік, өзге де қарама-қайшылықтарды, жанжалдарды және дауларды сындарлы диалог арқылы шешуге  бағытталған тиімді татуластыру процедураларының бірі болып табылады.  

«Қазіргі кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық медиаторлар институтын қалыптастырып, дамытуға және әлеуметтік дау-жанжалдарды алдын ала реттеуге арналған кәсіби медиацияны дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде», - деді Д.Мыңбай.   

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикадағы шешілген даулардың саны  – 13 974, олардың ішінде ең көбі Оңтүстік Қазақстан облысында – 4 632, Шығыс Қазақстан облысында – 2 280, Ақтөбе облысында – 2 174 және Қостанай облысында – 1 368.

 


Back to the list