• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Д. Абаев өңірлік БАҚ-ты ынтымақтастыққа шақырды 06.10.2017

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, республикалық және өңірлік БАҚ басшылары, журналистері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Министр Д. Абаев Өңірлік БАҚ форумының маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекеттік мүддені халыққа жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда аймақтық медианың атқарар рөлі үлкен. Осы орайда, қазіргі күні өңірлік ақпарат құралдарының алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр. Ол - Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси, экономикалық және рухани жаңғыру жөніндегі кешенді реформаларға жұртшылықты жұмылдыру.Өткен жылы алғашқы форумда аймақтық ақпарат құралдары тарапынан бірқатар мәселелер көтерілген болатын. Сол уақыттан бері Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұсыныстарды зерделеп, аймақтық медиа қызметінің сапасын арттыру бойынша бірқатар шараларды іске асырды. Атап айтқанда: аймақтық БАҚ альянсы құрылды, мемлекеттік тапсырыс аясында дайындалған өнімдерді аймақтық телеарналарға беру мәселесі шешімін тапты, баспасөзді таратудың механизмін дамыту бойынша «Қазпоштамен» бірлесе отырып, бірқатар шаралар атқарылуда, Отандық масс-медианы заңнамалық тұрғыдан қолдау мәселесі де қарастырылып, бүгінгі күні Министрлік дайындаған заң жобасы Мәжілісте талқылануда» - деді Ақпарат және коммуникациялар Министрі Д.Абаев.

 


Back to the list