• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Е-лицензиялау» порталында 2016 жылы 624 162 құжат берілді 19.08.2017

ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінен хабарлағандай, «Е-лицензиялау» порталында 2017 жылдың басынан бастап кеңінен танылған бес электрондық қызмет анықталды. Олар:  жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту (64 680 рет),  клиникалық тәжірибеге рұқсат беру үшін маманы сертификатын беру (46 030 сертификат берілген),  жеке кәсіпкер ретіндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлама (45 271 рет), тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту (15 834 рет көрсетілген),  фитосанитарлық сертификатты беру (14 752 сертификат берілген).

Айта кетерлік жайт, лицензия беретін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының бизнес қауымдастығы арасындағы лицензиялау процестерді автоматтандыру және ашық механизмді қамтамасыз ету үшін құрылған «Е-лицензиялау» (http://elicense.kz) порталы рұқсаттама құжаттарын алуға, қайта рәсімдеуге электрондық өтінішті жіберу мүмкіндіктерін қамтамасыз еткенін атап өту қажет.

Бұл ретте интеграциялау және оңтайландыру есебінен, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға болатын ұйымдардың жарғылық құжаттарына, өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттарына және басқа да мәліметтерге қажеттілік алынған.

Сонымен, 2016 жылғы «Е-лицензиялау» (elicense.kz) порталы көмегімен 624 162 рұқсаттама құжаттары мен 23 316  лицензия берілген.


Back to the list