• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада жыл соңына дейін 10 мыңға жуық камера орнатылмақ 09.08.2017

Бүгінгі таңда «Астана қаласында фото және видеотіркеу, видеосараптау апараттық-бағдарламалық кешен құру және пайдалану» жобасы аясында жалпы 500 бейнабақылау камерасы жұмыс істейді. Құрамында Астана қаласының ІІД жедел басқару орталығы мен өмір тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі барАхуал орталығына бақылап, өңдеу үшін видеомәліметтерді тіркеу және беру жүргізілетін қаланың 60 қиылысы мен желілік участкесі қамтылды. 

Тәулік бойы адамдар көп жиналатын орында бұған дейін орнатылған және жүйеге біріктіру жоспарланған тағы 3 мың камера жұмыс істеп тұр. Олардан хабарламалар ЖБО-ның диспетчерлік қызметі мен өмір тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесіне түседі. Осылайша, 2017 жылдың соңына дейін 13 000 фото және видеотіркеу камералары елорда аумағын барынша максималды қамту үшін орнатылып, Астананың Ахуал орталығына енгізіледі.

Бұдан бөлек, осы жылдың 7 айында Астанада жол-көлік оқиғалары саны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмендеген. Полицияның участкелік инспекторлары өзгенің мүлкін тонау және заңбұзушылықты анықтау мақсатында тәртіпсіздік пен ұсақ бұзушылық бойынша «нөлдік төзімділік» принципін жүзеге асыру аясында бейнебақылау камераларын аулаларда, подъездерде орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Астана қаласында фото және видеотіркеу, видеосараптау апараттық-бағдарламалық кешен құру және пайдалану» жобасын қалалық инвестициялар және даму басқармасы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметімен және жеке серіктестер консорциумымен бірлесіп жүзеге асырып жатқаны белгілі.

Жоба аясында 2017 жылдың аяғына дейін Астана аумағында 10 мың бейне камералары орнатылады. Солардың көмегімен нақты уақыт режимінде нөмір белгілерін, жылдамдық режимін, жүргізушілердің көлікпен жолдағы тұтас жолақты, тоқта белгісін, автобус сызығын қиып өтуін анықтау және тіркеу, сонымен қатар қаладағы авто көліктердің санын 99% анықтау жүргізіледі. 6 мың камера 400 қиылыста және қаланың 300 желілік участкесінде, адамдар көп жиналатын орындарда: сауда-ойын сауық орталықтарында, театрларда, спорт ареналарында, музейлерде және тағы да басқа жерлерде 4 мың камера орнатылады.

Қалада фото және видео тіркеу жобасы одан әрі мәліметтерді сараптау Астана қаласының әкімдігімен мемлекеттік –жеке меншік серіктестік бойынша 8,4 млрд теңге инвестиция көлемімен жүзеге асырылуда және тек қана жеке серіктестер ақшасына қаржыландырылуда.


Back to the list