• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Smart Astana аясында Астанада 20 жоба жүзеге асырылады 09.08.2017

«Мемлекет басшысы бірнеше рет сандық технологияны, жаңа сала - 4.0. индустриясын дамытуды тапсырды. Сандық жүйеге көшкен дәуірде смарт-шешімдерді енгізбеу мүмкін емес. Smart city – бұл жәй ғана сәндік термин емес, жаңа технологиялар мен сандық шешімдерді өмірдің барлық саласында жүзеге асыру жолы», - делінген хабарламада.

Smart Astana тұжырымдамасы бірінші кезекте тұрғындардың қажеттілігіне бағытталған және қаланың барлық өмір саласын 6 бағыт бойынша қамтиды: ақылды басқару, ақылды қоғам, ақылды өмір салты, ақылды қоршаған орта, ақылды көлік және ақылды экономика.

Тұжырымдама аясында трансұлттық компаниялармен және өзге де көптеген CISCO, IBM, Autodesk, Hexagon, Mastercard, OrhitecGISnAp секілді халықаралық ұйымдармен байланыс орнатылған.

 


Back to the list