08.06.2017
«Бизнес өкілдерінің кәсіпкерлікпен айнылысу еркіндігінің конституциялық құқығын қорғау, прокуратура органдарының басым міндеттері», - деді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Басқармасының аға прокуроры Лайла Мадиева.
Сіздер білетіндей, Кәсіпкерлік Кодекс қабылданған кезден бастап, бақылау және қадағалау принциптері мен тәсілдері толығымен өзгерді, ал прокуратура органдары тексерулерді жүргізу бойынша, кәсіпкерлікпен айналысу, бизнеске заңсыз араласудан кешенді қорғау шараларын қабылдауға уәкілетті.
Бас прокуратураның қатысуымен мемлекеттік бақылау және қадағалаудың мүлдем жаңа моделін құру және қолданыстағы заннаманы реформалау жүргізілді.
«2015 жылдан бастап тексеруші тұлғалардың жауапкершілігі күшейтіліп, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің дөрекі талаптары мемлекеттік қызметке кір келтiретін құқықбұзушылық болып табылатынын атап айтқант жөн. Жоғарыда аталғанның бәрі прокурутра органдарының заңнамалық қызметі болып табылса, бүгін біз Сіздерге, тұтынушылардың құқығын қорғаудағы прокуратура органдарының инновациялық технологияларын назарға ұсынамыз», - деді ол.
Тексерудің заңдылығын Бизнес тірегі арқылы тексергініз келсе, «service.pravstat.kz.» сәлтемесіне кіріп, 14- таңбалы тексерідің тіркеме нөмірін теріп, аталған тексерудің тіркелгендігін анықтай аласыз.
Сонымен қатар, электронды технологиялар даму үстінде, Казақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен кәсіпкерлерге қөмекші құрал "QAMQOR" мобильдік қосымшасы жасақталды.
«Бүгінгі таңда әрбәр кәсіпкерде мобильді құрал, смартфон немесе планшет бар. "QAMQOR" мобильдік қосымшасын жүктей отырып, ол кем дегенде сізге маңызды 2 функцияны орындайды. Біріншісі, Сізге алдын-ала 1-2 күн бұрын "Сізді тексеруге келеді" деген Puch-хабарлама келеді», - деді Л.Мадиева.
Екіншісі, Сіз тексерудің заңдылығын және өзектілігін тексере аласыз. Бұдан басқа, келген Puch-хабарламаны аша отырып, тексеруге қатысты тұлғалар, тексерудің мерзімі, құқықтық негіздері, тексеру сұрағы туралы мәліметтер толық сипатталады.
Кәсіпкерлерге онлайн режимде тексеруге дейін және тексеру барысында орын алған заң бұзушылықтарды хабарлама ретінде жолдауға болады. Жолданған хабарламалар Комитеттің аумақтық басқармаларына келіп түседі және бұл хабарламалар бойынша жедел түрде нақты жауап беріледі.
«Аталған мобильдік қосымшаны кез келген қолданушы android үшін Play-Market-те, IOS ушін App store-да жүктей алады,- деп айтты Лайла Орынбекқызы.