• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазпошта билеттерді онлайн режимде сатып алу сервисін іске қосты 07.06.2017

Билеттерді банк картасы арқылы ақысын төлей отыра, интернет бар кез келген жерден және кез келген уақытта брондауға және сатып алуға болады.

«Теміржол және авиабилеттерді сату қызметі іске қосылғаннан бері компания бөлімшелері арқылы 180 мыңнан астам билет сатып алынды. Сервис арзан билеттерді жылдам әрі оңай табуға және кезекте тұруға уақыт кетірмеуге мүмкіндік береді, ал ақылды жүйе клиенттер үшін ең төмен тарифтерді таңдап береді» – делінген хабарламада.

Айта кетейік, tickets.post.kz сервисінде барлық қажетті ақпаратты: рейстер мен жүру кестелерін, қандай да бір рейске немесе поезға билеттердің болуын, сондай-ақ олардың құнын көруге болады. 


Back to the list