11.02.2017
ҚСжАЕК төрағасы Бағдат Мусин прокуратура әзірлеген жаңа цифрлық технологиялар туралы айтып өтті.
Атап айта кететін болсақ, «Бизнес-тірегі» (2013 жылы енгізілген) ақпараттық сервисін пайдалана отырып 55 мыңнан астам тексерістің заңдылықтары тексерілді. Өткен жылдың өзінде 700 негізсіз тексерудің жолы кесілді және 300 шенеунік жазаланды.
Жуық арада «Бизнес-тірегі» порталының мобильді қосымшасы енгізілетін болады. ЭЦҚ-сыз жүгінуге болады.
Бас прокуратураның сайтында арнайы формуляр бар, онда кәсіпкерлер бизнестің дамуына кедергі келтіретін нормаларды көрсете алады. Бизнесмендерден 58 ұсыныс келіп түскен, оның 31-ін Бас прокуратура қолдап отыр. Бұл сілтемелер «Атамекен» КҰП, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының барлық өңірлік сайттарында қолжетімді.
Алқа отырысын қорыта келе, Жақып Асанов IТ-технологиясын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын басты бағыттар мен бағдарларды да атап көрсетті. Бұл бизнесті дамыту, салық заңнамасын оңайлату, бақылау-қадағалау қызметтеріне ауқымды текеріс өткізу.
Бас прокуратураның талықлау қорытындысы бойынша барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып, Жол картасы іс-шараларын өзектендіру туралы шешім қабылданды.