• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елорда әкімдігі азаматтардан өтініштер қабылдауға арналған ұялы қосымша әзірледі 21.12.2016

Оның көмегімен елорданың әрбір тұрғыны мен қонағы мазалаған сұрақтарын қойып, өтініш бере алады. Сонымен қатар, қала әкімдігімен әлеуметтік желілердің беттерінде азаматтармен белсенді жұмыс жүйелі негізде жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күннің өзінде жүйеде 280 мыңнан аса пайдаланушы тіркелген және ай сайын 700-750 өтініш түседі. Азаматтар негізінен әлеуметтік-маңңызды мәселелерді, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, құрылыс және т.б. салалардағы мәселелерді көтереді.

Өтініштерге 3 күннің ішінде жауап беріледі. Мұқият пысықтауды қажет ететін сұрақтар 15 күннің ішінде қаралады.


Back to the list