03.11.2016
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң қабылданғаннан бері бір жылға жуық уақыт өтті және бүгінде бірлескен жұмыстың аралық нәтижелерін белгілеп, сағаттарын салыстырып тексеру маңызды. Заңды іске асыруға арналған нормативтік базаны қалыптастыру бойынша жұмыс аяқталды. Заң нормаларын белсендендіру үшін халық арасында БҰҰДБ-мен және ЕҚЫҰ-мен бірлесіп, Қазақстан өңірлерінде семинарлар циклы өткізілуде, оған қатысушылар мемлекеттік қызметшілер, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ҮЕҰ өкілдері және журналистер. Бүгінгі күні Шымкентте, Петропавлда, Қарағандыда, Көкшетауда, Алматыда және Ақтауда 6 семинар өтті», - деді ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Парламент Мәжілісі Комитетінің Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде «Ақпаратқа қол жеткізудің өзекті мәселелері» тақырыбына өткен көшпелі отырысында.
Министр семинарлардың маңыздылығын, ақпаратқа қол жеткізу туралы заң бойынша жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуы бойынша, халық ақпаратты қалай пайдалану керектігін білуі тиіс.
«Осы жұмысты біз алдыңғы жоспарға қоямыз. Біз орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына заңның 16-бабында айқындалған 52 индикатордың болуына тұрақты негізде мониторинг жүргізудеміз. Одан басқа, мемлекеттік органдар интернет-ресурстың мазмұнын сәйкестікке келтіру бойынша ұсынымдар беріледі. Ағымдағы жылғы қазанда жүргізілген соңғы мониторинг орталық мемлекеттік органдардың арасынан – энергетика, әділет, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің сайттары, ал жергілікті органдардың арасынан ШҚО, ОҚО, Алматы облысының ресурстары анағұрлым толық екенін көрсетті», - деп хабарлады Д. Абаев.
Министрдің айтуы бойынша, ағымдағы жылғы сәуірде жүргізілген бірінші мониторинг нәтижелерімен салыстырғанда, едәуір жақсару байқалады, бірақ бюджет қаражаты туралы ақпарат бойынша аяқталмаған жерлер сақталған.
Ботагөз Айтжанова
Сурет Азамат Әлиев