• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО-да инвесторларға арналған интернет портал ашылды 18.10.2016

 Ақпараттық ресурста инвесторларға қолайлы болу үшін Шығыс Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері арнайы бөлімдерде  көрсетілген.  «Аймақ туралы» деген тарауда облыстың маңызды әрі бәсекеге қабілетті экономикалық салалар, ал «Инвесторға көмек» тарауында инвесторларды қолдау шаралары, оларға тиесілі жеңілдіктер туралы ақпарат берілген. Сонымен қатар, ақпараттық сайтта облыстың инвестициялық картасымен және индустриалды аймақтарымен танысуға болады.

Инвесторлар мен кәсіпкерлерге ең қажет ақпарат «Инвестжобалар» тарауында берілген. Онда ондаған жоба бойынша қаржылық есептер, байланыс мәліметтері берілген.

Сонымен қатар, инвестициялық портал ШҚО-да 20-21 қазан күндері өтетін «Алтай Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумның жаңалықтарымен толықтырылады. Айта кетсек, Форумның өзінің altaiinvestforum.kz деген жеке сайты бар.

Сайттағы барлық ақпараттар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде берілген. Порталдың мобильді нұсқасы мен Android, IOS және Windows-қа арналған қосымшалары да бар.  


Back to the list