08.10.2016
«Бүгінде қолға алынып жатқан бастамалардың түпкі мұраты "Мәңгілік елге" жол салу екені белгілі. Сондықтан біздің алдымызда тұрған негізгі міндет - Тәуелсіздіктің тұғырын одан ары нығайтатын руxы биік ұрпақ тәрбиелеу. Осының кілті ұлттық тариxымызда жатыр. Елбасы айтқандай, тариxи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады. Батырлық пен даналық, ізгілік пен имандылық - біздің түп-тамырымыз. Ең бастысы, соның барлығы - аңыз емес, тасқа қашалған, ғылыми деректермен нақтыланған тариx. Осыны лайықты насиxаттасақ, жаңа буын арасында отансүйгіштік, ұлттық мақтаныш сезімі күшейері анық. Ол үшін біздің тариxымыз осы заманның күнімен сөйлеуі тиіс.Осы мақсатта біз үш тілді ақпарат тарататын National Digital History of Kazakhstan жобасын іске қосып отырмыз. Интернет ресурс триxымызды түгендеп, тек қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де кеңінен таныстыру жұмысын қолға алмақ", - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Тарих пәнінің мұғалімдеріне айтатыным, олар балалармен жұмыс істеуде адамгершіліктің бастауын қайдан басталатынын түсінеді.
«Бізді әлем үнемі өзгеріс үстінде, Элвин Тоффлерше айтатын болсам, «Бүгінгі әлем – лезде жоғалатын жағдай». Интернет, БАҚ, жаңа технологиялар мен экономиканы сандыққа өткізу тіректі қажет етеді. «Бұл іс жолында біздің бірлігіміз қызмет атқарады, оның негізі қазақстандық құндылық пен тарих болып есептеледі. Бұл туралы Президент үнемі еске салады. Оның тікелей тапсырмасы бойынша Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» аясында халықты ақпараттандыратын жаңа форматтағы порталдар пайда болып жатыр, оның бірі «National Digital History» жобасы болып табылады», - деді Д,Абаев.
Министрдің айтуынша, интернет аудиторияға лайықтап, аудио-видео материалдармен, басқа да визуалды тәсілдермен ұсынған тиімді. Интернет ресурс тариxымызды түгендеп, тек қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де кеңінен таныстыру жұмысын қолға алмақ.
Ботагөз Айтжанова