08.10.2016
Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу аясында «National Digital History» веб-порталы жаңа форматта тарих тұңғиығына сүңгуге мүмкіндік беріп, бірегей ақпарат алуға септігін тигізеді. Интернет жоба ұлттық тарих пен қазақстандық халықтың мәдениетін үгіттеуге бағытталған.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтып өткендей, қазіргі таңда интернет, БАҚ пен жаңа технологиялар, экономиканың сандық форматқа өтуі тіректі қажет етеді.
«Бұл іс жолында біздің бірлігіміз қызмет атқарады, оның негізі қазақстандық құндылық пен тарих болып есептеледі. Бұл туралы Президент үнемі еске салады. Оның тікелей тапсырмасы бойынша Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» аясында халықты ақпараттандыратын жаңа форматтағы порталдар пайда болып жатыр, оның бірі «National Digital History» жобасы болып табылады», - деді Д,Абаев.
Министрдің айтуынша, интернет аудиторияға лайықтап, аудио-видео материалдармен, басқа да визуалды тәсілдермен ұсынған тиімді. Интернет ресурс тариxымызды түгендеп, тек қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де кеңінен таныстыру жұмысын қолға алмақ.
Контент үш тілде, бірқатар санат бойынша таныстырылады: «Қазақстан тарихы», «Қазақстаника», «Тұңғыш Президент», «Есімнама», », «Ұлы дала», «Асыл қазына». Алаш көшбасшысының 150 жылдығын мерекелеуге арналған «Әлихан Бөкейхан – 150» атты ерекше бөлім ашылған.
Сондай-ақ, Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» 87- қадамы аясында азаматтық бірлікті нығайту мақсатында «Менің Елім» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру қарастырылған. Қадамды жүзеге асыру бойынша технологиялық жобалар топтамасын ашу тапсырылды. «National Digital History» жобасы Қазақстан тарихы саласында жолбасшы болады.
Ботагөз Айтжанова