• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада ашық деректердің ұлттық стратегиясы талқыланды 10.02.2015

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлағандай, семинар Қазақстан Республикасының Инвестициялар мен даму министрілігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелері жөніндегі департаменті ұйымдастырған ашық деректер мен ашық үкімет бойынша дөңгелек үстел аясында өткізілді. 

Іс-шараға БҰҰ ЭӘМД аймақаралық кеңесшісі Р. Керби, Сан-Франциско қ. инновациялық жобалар жөніндегі бастығының орынбасары Ш. Спэнейк, американдық «Open Data 500» жобасының жетекшісі Л. Мэнли және Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

«Ой-талқы» форматында өткен семинарда ашық үкіметті дамытудың қазақстандық тобы үшін ашық деректердің ұлттық стратегиясы мәселелері талқыланды. Іс-шара барысында Қазақстанның data.egov.kzашық деректер порталының мүмкіндіктері көрсетілді.

Шетел қонақтары қазақстандық ашық деректер порталының табысын атап өтіп, жобаға жеке меншік секторын тарту маңыздылығы жайында айтты. Эксперттердің ойы бойынша ашық деректер жеке меншік сектор мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.


Back to the list