• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстандықтар «Нұр Отан» қоғамдық қабылдауына «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелері арқылы өтініш бере алады 05.02.2015

Бұл мүмкіндік «Нұр Отан» партиясының «Қазпочта» компаниясымен серіктестігі нәтижесінде іске асырылып отыр, соның барысында  пошта байланыс бөлімшелерінде ғаламторға кіру мүмкіндігі бар 50 нүкте ашылады.

«Нұр Отан» партиясы хабарлағандай, Skype арқылы бейне байланыспен шалғайдағы елді-мекен тұрғындары партияның қоғамдық қабылдауына, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері-депутаттар: мәжіліс пен мәслихаттағы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларына өтініш бере алады. Бұл азаматтарды қамтуды ұлғайтуға, өзекті мәселелерді қараудың санын арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметі, парламеттік фракция жұмысы және мемлекет қабылдаған антикризистік шаралар туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

«Біз Қазпочтаның ауылдағы, еліміздің шалғай елді-мекендеріндегі жұмысының маңыздылығын түсіне отырып, ауыл тұрғынының экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған бірнеше жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.  Осы жобаның енгізілуімен ауылдағы ғаламторға кіруге мүмкіншілігі жоқ тұтынушыларымыз Қазпочта бөлімшесінен «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне бейне-қоңырау шалу арқылы өз сұрақтарын жолдай немесе қала\облыс әкімінің ресми порталына өтініштерін қалдыра алады. Бұл қызметті ғаламторға кіруге тәжірибесі жоқ адамдар да  пайдалана алады, өйткені оларға біздің компанияның арнайы дайындалған қызметкері көмектесетін болады», - деп, атап өтті өз сөзінде «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.

Қазіргі уақытта республикамызда партияның ақысыз заңгерлік кеңес қана емес, сонымен қатар нақты мәселелер бойынша көмек беретін 241 қоғамдық қабылдауы жұмыс жасауда. Өз кезегінде «Қазпочта» АҚ-ның ауылдық бөлімшелеріндегі ғаламторға кіру мүмкіндігі бар 50 нүктеніңашылуы азаматтар жүгінісінің жедел қаралуына ықпал етеді және мемлекеттік органдар мен депутаттардың тұрғындармен өзара қарым-қатынасын арттыра түседі.

 


Back to the list