• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Egov порталы шетелге шығуға тыйым салу  мен  ЖҚЕ  бұзғаны үшін айыппұл туралы хабарламаларды жіберетін болады 03.02.2015

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлағандай, хабарламалар электрондық үкімет порталының «Жеке кабинетіне», сондай-ақ,  «Дербес құжаттамада» көрсетілген электронды мекен-жай мен ұялы телефон нөміріне келеді.

 «Электрондық үкімет порталы арқылы хабардар ету механизмі азаматтарға айыппұлдар, салықтар және т.б. өтелмеген төлемдердің себебінен шетелге шығуға тыйым салыну сияқты күтпеген жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді» - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.

Естеріңізге салсақ, жақында egov порталында жаңартылған «Жеке кабинет» іске қосылды. Қазіргі таңда портал пайдаланушылары 11 түрлі хабарлама алады.  Олардың қатарында мекен-жай деректерінің өзгеруі, куәландыру құжаттарын немесе жүргізуші куәлігін  ауыстыру қажеттілігі мен мектепке дейінгі мекемелерге кезектің өзгеруі және тағы басқа хабарламалар бар.


Back to the list