15.12.2014
«Бұл - «4G LTE» мәліметтерді тарату технологияларының ең заманауи базасында құрылған инновациялық өнім. Тұрғындар Ғаламтор желісіне жылдамдығы жоғары мобильді қолжетімділікті қолдану үшін ең жайлы әрі тиімді талаптарын алып, ақпаратты кез келген жерде, өздерін кеңседе немесе үйде болғандай сезінеді», - делінген хабарламада.
Ақтөбеде LTE базасында құрылған Ғаламторға мобильді кең жолақты қолжетімділік қызметі 2013 жылдың соңында енгізіліп, енді облыс аудандарына дейін жетті. Бұл қызметке қосылу тегін жүзеге асырылады.