11.12.2014
Тәжікстан делегациясымен кездесу аясында, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері «электрондық үкімет» порталы, электрондық құжат айналымы жүйесі, «Е- лицензиялау» жүйелері және «e-Learning» жұмысын көрсетті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатын іске асыру жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, Астананың қонақтарына Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі қалай жұмыс істейтіндігі туралы айтылды.