• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодарда мамандандырылған ХҚКО ашылды 11.12.2014

Қазақстанда Елбасының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі мен жергілікті атқарушы билік бірлесе отырып, автокөлік иелеріне қызмет көрсететін әмбебап орталықтар ашуда. Павлодарлық ХҚКО еліміз бойынша алтыншы болып табылады.

Барлық жұмыс автоматтандырылған. Орталық азаматтар өтінішін 2 сағат ішінде орындайды.

Сонымен қатар, мамандандырылған ХҚКО аумағында 7 автомобильдің агрегаттарын бір уақытта тексеруден өткізетін ангар, жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан (тестілеу) тапсыруға арналған аудитория, автоматтандырылған автодром бар. Барлық жағдай халыққа қолайлы болу үшін ойластырылған.

Жүргізуші куәлігін беру, ресімдеу және тағы басқа құжат ресімдеу толықтай автоматтандырылған. Рұқсат құжаттарды алуда адами фактордың әсеріне жол бермейді. Сонымен қатар емтихан тапсыру процесі толықтай автоматтандырылған. Автодром арнайы датчиктермен және бейне камераларымен жарақтандырылған. Автомобиль жүргізу дағдыларын бағалаудың электрондық жүйесі емтиханның нәтижесін анықтайды.

«ХҚКО» РМК бас директорының міндетін атқарушы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мамандандырылған орталықта ХҚКО-ның 60 қызметкері жұмыс жасайды. Клиенттерге қолайлы болу үшін орталықта нарколог пен психиатр кабинеттері де ашылған. Алдағы уақытта орталық ғимаратында «жүргізуші комиссия» орналасады деп жоспарланған. Ондай жағдайда осы жерден «083-У» медициналық анықтамасын алуға болады.


Back to the list